Украинадағы соғыстың үш жылдығына орай Еуропада шерулер өтті

Еуропаның бірнеше елінде Украинаға қолдау көрсету мақсатында жаппай шерулер өтті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Акциялар Украинадағы соғыстың басталғанына үш жыл толуына орай ұйымдастырылды.
Брюссельде өткен бейбіт шеруде мыңдаған адам Украина гимнін орындап, «Ресей жауап беру керек», «Украина алға», «Еуропаға тыныштық, Украинаға жеңіс» деп ұрандатты. Сондай-ақ, шеруге қатысушылар Украинада күн сайын естілетін әуе дабылының дауысын қосып, соғыстың ауыр жағдайын еске салды.
Прагада өткен акцияда мыңдаған адам жиналып, Староместская алаңында Украинаға қолдау білдірді. Чехия президенті Петр Павел шеруге қатысып, «Ресей – агрессор. Оның Украинаға басып кіруі халықаралық құқықты бұзу болып табылады» деп мәлімдеді.
Соңғы күндері әлемнің жүздеген қаласында Украинаға қолдау білдірген шерулер өтті.
Сарапшылардың пікірінше, бұл шерулер Украина мен оның одақтастарына қолдау көрсетуді күшейтуге ықпал етуі мүмкін.
Соңғы жаңалықтар





