Украинаны Ленин құрған ба? Путиннің Карлсонға берген сұхбатында осындай мәлімдеме жасалды. Тексерейік
561
Бұл сөзді Владимир Путин соғысты бастағанда да айтқан. Сол кезде Ресей басшысы Украина "большевистік саясат" нәтижесінде пайда болды деп мәлімдеген.
Ал шын мәнінде Украинаның өз алдына мемлекет болып шығуын Ленин қаламаған, тіпті оның қалауына қайшы келген.
Ресейлік билік айтып отырған "Ленин құрды" деген Украинаға дейін, яғни 1921 жылға дейін Украина Халық Республикасы болған, Скоропадский басқарған мемлекет те болды. Осылайша, бұл елге Лениннің ешқандай қатысы болмаған да.
Осы Украина халық республикасымен Ресей кеңес үкіметі 1917 жылы 6 ай бойы соғысып та көрген. Ленин сонда өзі құрған елмен соғысқан ба деген логикаға қайшы деректі байқаймыз.
Ал 1921 жылы большевистік Ресей Украинаны жеке-дара субъект ретінде мойындаған. Бұл Рига бейбітшілік келісіміне Украина кеңестік республикасы өз алдына бір тарап ретінде қол қойған. Сөйтіп, 1922 жылы Кеңес одағы құрылып, Украина оның социалистік республикасы болды.
Демек, өзі соғысып, кейін мойындаған Ленин бұл елді құра да алмайды, жоққа шығара да алмайды. Ал Ресей билігінің сөзі – басқыншылық соғысты ақтап алудың амалы ғана.
©️ t.me/askerenews
Соңғы жаңалықтар
01.09.2026
12:02
Петропавлда саңырауқұлақ жеген әйел жансақтау б...
01.09.2026
11:20
1 қыркүйектегі салтанатты жиын алдында оқушы қы...
01.09.2026
11:19
"Бұл қыздың орны түнгі клуб": Қайрат Нұртастың ...
01.09.2026
10:47
ЖСДП Бектенов пен Қаринді неге қолдамады – парт...
01.09.2026
10:43
«Өмірде өзіңе ғана сену керек екен»: Роза Әлқож...
01.09.2026
10:04
Қызылорда облысында полицейді өлтіріп кетті