Ұлт намысына тиген Алика Мухамадиеваның ісі сотқа жетті

Ұлт намысына тиген Алика Мухамадиеваның ісі сотқа жетті
03.10.2025 17:03
0
190
ФотоКоллаж: POLITICO.KZ

Әлеуметтік желіде қазақтар мен мұсылмандардың намысына тиетін сөздер жазып, елдің қаһарына ұшыраған қарағандылық Алика Мухамадиеваның ісі сотқа жетті, деп хабарлайды POLITICO.KZ порталы.

22 жастағы кәсіпкерге Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігі, яғни «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру» бойынша айып тағылып отыр. Аталған бапқа сәйкес, оған 7,8 миллионнан 27,5 миллион теңгеге дейін айыппұл салу, сондай-ақ екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Тергеу материалдары Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық қылмыстық істер жөніндегі сотына келіп түскен. Істі судья Арғын Құтышев қарайтын болады. Басты сот талқылауы 14 қазан күні, таңғы сағат 10:30-да жалпы тәртіппен, ашық режимде өтеді.

Еске сала кетсек, оқиға осы жылдың шілде айында кәсіпкер Алика Мухамадиеваның Threads әлеуметтік желісінде жариялаған пікірлерінен кейін басталған еді. Оның қазақтар мен мұсылмандарға қатысты жазбалары қоғамда үлкен наразылық тудырды.

 «Ох, мына жартылай қазақ, жартылай орыс диалог. Ең ақымақ нәрсе қазақша сөйле деп жанын салатын қазақтың соңында осылай сөйлегенін көру:» деп жазған болатын Алика.

Желіде өрбіген жанжалдан кейін Мухамадиева кешірім сұрап, видеоүндеу жариялаған. Алайда бұл қоғамдық қысымды бәсеңдетпей, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полицияда күдіктінің елден кетіп қалу ниеті туралы ақпарат болғандықтан, ол тергеу кезінде екі айға қамауға алынған еді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий