Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты шешім шығарды

Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты шешім шығарды
Фото: ашық дереккөз

Ұлттық банк бұл жолы да базалық мөлшерлемені 18 пайыз деңгейінде сақтап қалды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Бұған дейін базалық ставка 2026 жылдың наурыз айында да 18% болған еді.

«Қазақстан Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 18,0% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады», - делінген хабарламада.

Ұлттық банктің мәліметінше, наурызда айлық инфляция ақпандағы 1,1%-дан кейін 0,6%-ға дейін төмендеді. Базалық және маусымдық факторлар ескерілмеген инфляция да баяулады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу