Ұлттық банк депутат ұсынысын қолдамады
690
Ұлттық банк депуттат ұсынысына қарсы шықты
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төраға орынбасары Ақылжан Баймағанбетов Сенат кулуарында депутат Серік Егизбаевтың елімізде ақша басып шығаруды ұсынған пікіріне қатысты жауап берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Баймағанбетовтың айтуынша, мұндай қадам инфляцияны одан әрі күшейтеді.
«Бұл кез келген жағдайда инфляцияның өсуіне әкеледі. Бұл – кедейлерге салық. Ол ең алдымен әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарға ауыр соққы болады. Жалақысы еңбекке негізделген азаматтардың табысы құнсызданады, орта таптың жинақтары өз құнын жоғалтады. Сондықтан бұл ұсыныс тиімді шешім емес», – деді ол.
Еске салсақ, 2023 жылы Қазақстанда бюджет тапшылығы 3,1 трлн теңгені құрады. Мемлекеттік бюджет тапшылығы – бұл шығыстар кірістерден асып кеткен жағдай. Тапшылықты жабу үшін мемлекет ішкі және сыртқы қарыздарды тартуға мәжбүр болады. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қарыздың артуына әкеледі.
Соңғы жаңалықтар
24.09.2026
15:21
Маңғыстауда әскерилер қаза тапты: үкіметтік ком...
24.09.2026
15:17
Өңдеу тарифі: қосымша түсім неге өндіріс шығыны...
24.09.2026
14:37
«Бүйрегі істен шықты, бауыры сыр берді»: Жаңаөз...
24.09.2026
14:37
Каспийде әскери қызметшілер қаза тапқан жерден ...
24.09.2026
14:06
Маңғыстауда оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызмет...
24.09.2026
13:40
Астанада емдік массаж жасайтын қыз клиентінен з...