Ұлттық қордан 1 айда 641 миллиард теңге алынған
288
Қазақстанда қазан айында Ұлттық қорға 256 миллиард теңге түсіп, одан 641 миллиард теңге игерілді.
Қаржы министрлігінің статистикалық мәліметтеріне сәйкес, Ұлттық қордың көлемі бір айда 31,37 триллион теңгеден 30,9 триллион теңгеге, яғни 385 миллиард теңгеге немесе 1,3%-ға қысқарды.
Жалпы он айда Ұлттық қорға 5,8 триллион теңге түсті. Оның ішінде мұнай секторынан түскен салық түсімдері 3,2 триллион теңге, инвестициялық кіріс 2,5 триллион теңге болды.
Сонымен қатар, салық түсімдері 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10%-ға, 2022 жылмен салыстырғанда 34,4%-ға азайған.
Бұл ретте Ұлттық қордан 4,67 триллион теңге, оның ішінде кепілдендірілген трансферттер түрінде (республикалық бюджет тапшылығын жабуға) – 2 триллион теңге, нысаналы трансферттер түрінде (әлеуметтік маңызы бар жобаларды қаржыландыруға) – 2,659 триллион теңге жұмсалды.
Нәтижесінде Ұлттық қордың қаражаты қазан айының соңында 30,9 триллион теңге болып, жыл басынан бері 3,7%-ға өсті.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан үкіметі салық түсімдерінің азаюына және Ұлттық қордан түсетін трансферттерді ұлғайту қажеттігіне байланысты 2024 жылға арналған бюджетті қайта қарап жатқанын мәлімдеген едік.
Соңғы жаңалықтар
24.08.2026
18:40
Асылбек Боранбаевтың жұбайы: Ұйғыр болсам да, ө...
24.08.2026
18:24
Боранбаевтың жұбайы: Қыздарым "әкем сияқты жігі...
24.08.2026
17:39
Шығыс Қазақстанда аю адамға шабуыл жасады
24.08.2026
17:38
Тоқаев шет ел басшылары мен халықаралық ұйымдар...
24.08.2026
17:11
Қазақстан спортшылары әлемдік рейтингте жоғары ...
24.08.2026
17:11
"12 жерінен пышақтап, 32 метр сүйреген": Абай о...