Ұлы жазушы Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған жердің топырағы тасталды

 Ұлы жазушы Мұхтар Мағауиннің қабіріне туған жердің топырағы тасталды
22.09.2025 16:25
0
117
Фото: magauin.com

Америкада жерленген қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Мағауиннің басына туған жері - Көпбейіт-Босағадан апарылған топырақ салынып, саржалқын даланың бір түп жусаны қойылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ, ELORDAMEDIA сайтына сілтеме жасап.
Қазақтың төл дәстүрі жайлы әлеуметтік желі қолданушысы Сапарбек Нағашыбеков жазып,Едіге Мағауиннің туған жерден апарған топырағы мен бір түп жусанын жазушының жатқан жеріне көмгенін хабарлады:

«Бүгін Вашингтонға жақын жерде, қазақтың ұлы жазушысы, абызы Мұхтар Мағауиннің қабірін зират етіп, қазақтың «топырақ апару» дәстүрі жасалып, атамызға құран бағышталды. Қабыл болсын.
Мұхтар атамыздың ұлы Едіге ағамыз Қазақстандағы ата бабасы жерленген жерден алып келген топырақ пен жусанды атамыздың қабіріне көмді. Бұл шараға қазақтар мен біздің Вашингтондағы Kazakh American Association қатысты.
Бірнеше ай бұрын осы атамыздың АҚШ тағы қабірінен топырақ алынып Қазақтандағы ата бабаларының қасына жеткізілген болатын.
Мұхтар Мағауин атамыз бүкіл өмірін қазаққа арнап 27 том кітаптар жазып, қазақтың тарихын түгендеп берді , болашақ ұрпақ үшін. Қазақтың тарихында осыншама кітап жазған жазушы болмаған.
Уа Алла сен рахмансың, рахимсың, ғафурсың, кешіргенді жақсы көресің Мұхтар атамыздың күнәләрін кешіріп жанын жаннатық қылғай. Зираттан кейін Едіге ағамыздың үйіне барып атамызды еске алдық, құран оқылды. Үйінде атамыздың кабинеті, кітапханасы әлі сол күйінде сақталған», - деп мәлімдеді желі қолданушысы.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий