"Ұлын қызғанғаны соншалық, психологқа барған": Мереке Қалбаева енесі туралы айтты

Фото: әлеуметтік желі

Танымал актриса әрі блогер Мереке Қалбаева тұрмысқа шыққан алғашқы жылдары енесімен қарым-қатынасы оңай болмағанын жасырмады. Оның айтуынша, енесі ұлын келінінен қызғанып, тіпті психологтың көмегіне жүгінген, деп хабарлайды Politico.kz.

Өнер иесі «Не дейді?» бағдарламасына берген сұхбатында тұрмыс құрған алғашқы кезеңін еске алды. Ол бастапқыда екі тараптың да бір-біріне үйренісе алмай, арада салқындық болғанын жеткізді.

«Басында түсініспеушіліктер өте көп болды. Бірақ шынын айту керек, енемді бірден жақсы көріп кеткен жоқпын, енем де мені қабылдаған жоқ. Алғашқы кездері тіпті бет сүйісіп амандаспайтын едік. Мен сүйіп амандасуға тырыссам да, енем қашқақтайтын», — деді актриса.

Сондай-ақ блогер жолдасы Арсен Акиевтің анасына ұлының үйленіп, жеке шаңырақ көтергенін қабылдау психологиялық тұрғыда ауыр тигенін атап өтті.

 «Енем Арсен екеуіміз үйленген кезде қызғанғаны соншалық, баласын босату үшін психологқа барған. Екі ұлы бар. Арсенді қатты жақсы көрген ғой. Оны бірден босата алмаған, жүрегі ауырған», — дейді ол.

Дегенмен уақыт өте келе олардың қарым-қатынасы түзелген. Бүгінде келін мен ене өткен түсініспеушіліктерді артқа тастап, құрбылардай сырласатын деңгейге жеткен.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу