Ұлықпан Жолдасовтың әйелі сынның астында қалды

Белгілі сазгер Ұлықпан Жолдасовтың әйелі Айған Жолдасова тележүргізуші Асхат Садырбайды қолдап пікір білдіремін деп сынға қалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Жолдасова бұрынғы әйеліне қатысты басы дауға қалған Асхат Садырбайды ерекше құрметтейтінін, мәселенің бәрі шешілетінін жазған.
Отбасымызбен сені жақсы білеміз. Болат ұлымызға қол созып біраз көмектескеніңді де ұмытпаймыз. Әке-шешеңді қатты құрметтейміз. Ал қарындасың Бақытжамал неше жылдан бері қызымыздай болып кеткен. Мықты маман, адам ретінде өте керемет жан. Еш уайымдама, айналаңда толы достарың, сенің қандай екеніңді жан-жағың біледі. Бәрі жақсы болады. Өз басым сені қатты құрметтеймін. Әрқашан ақылыңды айтып, жол сілтеп отырасың. Достығымызға ешкім кедергісін келтіре алмайды. Біз сіздерді құрметтейміз! Дым уайымдама! Кімнің кім екенін уақыт шешеді! Алла жар болсын! деп жазды арт-директор.
Дегенмен оның пікірі оқырманның көңілінен шықпай, желі қолданушылары сазгердің әйелін сынап тастаған.
«Асхат жақсылық жасады екен деп, мақтай беру керек пе?!», «Фарида сияқты Ерке де, Айғаным да қызыңыз емес пе?!», «Өзіңізге жақсылық жасаса болды, басқаларына не істесе де істей берсін бе?!» деп жазды көпшілік.
Соңғы жаңалықтар





