Үнді режиссері «Кальмар ойыны» өзінен ұрланғанын айтып, Netflix-ті сотқа берді
Үндістандық кинорежиссер Сохам Шах Netflix стримингтік платформасын сотқа берді. Ол америкалық компания түсірген Оңтүстік Кореяның «Кальмар ойыны» телехикаясы өзінің «Фортуна» үнді фильмінің плагиаты екенін мәлім етті, деп хабарлады politico.kz kazinform.kz-ке сілтеме жасап.
Bloomberg басылымының хабарлауынша, шағым Нью-Йорк федералды сотына түскен.
«Кальмар ойынының» негізгі сюжеті, кейіпкерлері, тақырыптары, атмосферасы, барысы мен дәйектілігі «Фортунаға» ұқсас болғандықтан, мұндай ұқсастықтардың кездейсоқ болуы мүмкін екеніне сену қиын, - делінген шағымдағы жазбада.Netflix өкілі бұл айыптаулардың негізсіз екенін алға тартты. Сол себепті қазір компания өз құқығын қорғауға ниетті. Еске сала кетсек, 2022 жылы «Кальмар ойыны» басты Эмми сыйлығын жеңіп алған алғашқы шетелдік драмалық сериал болған еді. Ол шыққаннан кейін бірнеше ай бойы Netflix-тегі ең танымал сериялдардың бірі болды. Енді оның екінші маусымы 2024 жылдың соңында, ал соңғысы 2025 жылы шығады деп жоспарланып отыр. Фото: ru.pinterest.com
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
02.11.2026
17:18
Наташа Қалымбетова АҚШ-та 30 жылдан астам уақыт...
02.11.2026
17:04
«Көп пенденің беті ашылды»: экс-депутат қызметт...
02.11.2026
16:25
Мөлдір Мұқанова 11 млн теңге тұратын алқасын кө...
02.11.2026
16:22
Тоқаевтың ұсынысынан кейін Кремль үн қатты: Рес...
02.11.2026
16:18
Қазақстанда жол саласындағы заңбұзушылықтардан ...
02.11.2026
16:06
Тоқаев екі жыл бұрынғы тапсырмаларын тексеруге ...