Үндістанда болған жантүршігерлік әуе апатының неден болғаны айтылды

Үндістанда болған жантүршігерлік әуе апатының неден болғаны айтылды
19.06.2025 12:53
0
213
Фото: x.com/ ANI

Үндістанның Ахмедабад қаласында Air India әуе компаниясына тиесілі ұшақтың апатқа ұшырауына қозғалтқыштың істен шығуы себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

The Wall Street Journal басылымының мәліметінше, Air India ұшағының апатына қатысты тергеушілер ұшақта апаттық турбина жұмыс істегеніне сенімді. Бұл ұшақтың қозғалтқыштары жоғарыға көтерілер кезде дұрыс жұмыс істеп тұрғанына күмән туғызады.

Басылым зерттеген әуе компаниясының Boeing 787 нұсқаулығына сәйкес, Ram Air Turbine (RAT) апаттық жүйесі екі қозғалтқыш істен шыққанда, гидравликалық қысым төмендегенде, кабинаның аспаптарында қуат жоғалса немесе ұшақтың электр сорғыларында ақау болса, ұшу кезінде автоматты түрде іске қосыла алады.

Сондай-ақ ұшқыштар қажет болса, RAT-ты қолмен де іске қоса алады. АҚШ-тың аэроғарыштық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Энтони Брикхаустың айтуынша, ұшқыш екі қозғалтқыш та істен шықты деп ойлайтын жағдайлар жиі кездеседі.

"Коммерциялық авиацияда қос қозғалтқыштың істен шығуы өте сирек кездеседі", - дейді ол.

Басылымның хабарлауынша, әзірге Boeing ұшақтары мен GE Aerospace қозғалтқыштарын өндірушілер түсінік беруден бас тартқан.

 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий