ҰҚК Шымкенттегі полиция бастығын тергеп жатыр

06.01.2026 17:06 Арман Ермеков Арман Ермеков
ҰҚК Шымкенттегі полиция бастығын тергеп жатыр
0
1378
Фото: Kozachkov offside/ Adal.advokat.kensesi

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының бастығы Батыр Мырзагелдиевтің ұсталуына қатысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Politico.kz

Ведомство редакциямыз жолдаған арнайы сауалға сәйкес қазіргі уақытта тиісті тергеу амалдарының жүріп жатқанын растады.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», — делінген ресми жауапта.

Еске салайық бұған дейін ақпараттық кеңістікте Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы жасағы жүргізген шұғыл операцияның деректері тараған еді. Онда полиция полковнигі Батыр Мырзагелдиевтің 20 миллион теңге көлемінде ірі пара алды деген күдікпен ұсталғаны айтылған болатын.

Аталған оқиғаға қатысты Мырзагелдиевтің қорғаушысы да пікір білдіріп Батыр Мырзагелдиевтің өз кінәсін мойындамайтынын жеткізді. Адвокаттың пайымдауынша бұл әрекет Шымкент қаласының басқа ауданындағы полиция өндірісінде жатқан істерге қатысы бар тұлғалардың ұйымдастырған арандатушылығы болуы мүмкін.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий