Шымкентте пара алды деген күдікке ілінген полицейдің адвокаты мәлімдеме жасады

29.12.2025 19:26 Арман Ермеков Арман Ермеков
Шымкентте пара алды деген күдікке ілінген полицейдің адвокаты мәлімдеме жасады
0
675
Фото: Kozachkov offside/ Adal.advokat.kensesi

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының бастығы Батыр Мырзагелдиевтің қорғаушылары ресми ұстанымдарын жария етті. Адвокаттар алқасы жоғары шенді полицейдің тағылған ауыр айыппен мүлде келіспейтінін мәлімдеп отыр, деп хабарлайды Politico.kz

Адвокат Талғат Есімов әріптесі Виктор Кривоносовпен бірге қорғау жұмыстарына кіріскенін хабарлады.

«Оны кеше, 2025 жылғы 28 желтоқсанда, ҰҚКД қызметкерлері ұстаған болатын.

Бұл ақпараттың БАҚ-қа тарап кетуіне және хабардың біржақты болмауына байланысты, қорғау тарапының ұстанымын білдіреміз.

Қорғау тарапының ұстанымы: Батыр Мирзакелдиев өз кінәсін мойындамайды. Біздің пікірімізше, бұл – істері Шымкент қаласының басқа ауданындағы полиция басқармасының өндірісінде жатқан өзге тұлғалардың қылмыстық жауапкершіліктен жалтарып кету мақсатында жасаған арандатушылық әрекеттері.

Бұл жерде пара алу дерегінің жоқ екені анық. Барлық мән-жай тергеу барысында анықталып, өз шешімін табатынына сенімдімін», — деп жазды адвокат Талғат Есімов.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін оңтүстік мегаполисте жоғары лауазымды тәртіп сақшысының жемқорлық күдігімен құрықталғаны хабарланған еді. Алғашқы ресми емес деректерде полиция бастығы 20 миллион теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен әшкереленді деген ақпарат айтылған болатын.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий