«Ұрпақтарымыз бізді кешірмейді»: Тоқаев маңызды мәлімдеме жасады

19.03.2026 21:48 Қарақат АСЫЛОВА
«Ұрпақтарымыз бізді кешірмейді»: Тоқаев маңызды мәлімдеме жасады
397
Фото: Ақорда
Тоқаев ел дамуының негізгі басымдықтарын атады

Алматы қаласында өткен ғылыми қауымдастық өкілдерімен кездесуде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел дамуының негізгі бағыттарын атап өтті, деп хабарлайды Politico.kz.

Мемлекет басшысы өз сөзінде қоғамның болашағы бүгінгі қабылданатын шешімдерге тікелей байланысты екенін айтты. Оның пікірінше, қателіктер болуы мүмкін, алайда ең қауіптісі – тарихи мүмкіндіктерді жіберіп алу.

«Ұрпақтарымыз біздің жіберген қателіктерімізге түсіністікпен қарауы мүмкін. Себебі жұмыс бар жерде кемшілік те болады. Бірақ олар Қазақстанды әділетті әрі қуатты мемлекетке айналдыруға берілген мүмкіндіктерді жіберіп алғанымызды ешқашан кешірмейді», – деді Президент.

Тоқаев Қазақстанның болашағы заңға бағыну мәдениеті қалыптасқан, тазалық пен табиғатқа жанашырлық жоғары бағаланатын, сондай-ақ білім мен ғылымға басымдық берілетін ел болуы тиіс екенін атап өтті.

Президенттің айтуынша, дәл осындай құндылықтарға негізделген қоғам құру – мемлекеттің түпкі мақсаты.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий