"Ұрса - қашпа": Меруерт Түсіпбаева қыздарға үндеу жасады

27.10.2025 14:40
0
484
Скриншот: The suhbat бағдарламасы

Әнші Меруерт Түсіпбаева желіде қыздарға арналған әсерлі жазбасын жариялап, өмірлік ұстанымымен бөлісті.

«Қыздар! Соңғы сәтке дейін берілмеңдер! Балам маған: “Анашым, кәрілікпен алыспаңыз, Алланың жібергенін қабыл алыңыз”, – дейді. Әрине, косметологиялық процедуралардан кейінгі бетімнің түрін көргенде солай айтады ғой (күліп). Бірақ менің ойым мүлде басқа. Жақында самай лифтинг жасаттым, жасырмаймын. Өйткені жас келген сайын өз-өзіңді күту, спортпен айналысу, саяхаттау – бәрі қажет деп санаймын. Өмірді толыққанды, барынша қызық етіп сүру керек! Айтқың келсе – айт, ішкі қалауыңды тұншықтырма! Керек болса – күл, жыла, қуанышпен бөліс, өзгелерге жылулық сыйла. Балаларыңа жақсы білім бер, өз орныңды тап! Біреу мүмкіндік берсе – қабылда, ал егер ренжітіп, әлсіз санауға тырысса – тайсалмай қарсы тұр! Өмір – күрес, ал бақытқа әркім өзі жетуі керек. Бүгінгі 54 жастағы Меруерттің ұраны – өзіңді іздеуден, өз бақытың үшін күресуден ешқашан шаршамау!» – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары Меруерттің бұл ойын қолдап, жылы пікірлер қалдырды. Көпшілік әншінің ашықтығын, өмірге деген белсенді көзқарасын және батылдығын жоғары бағалап, «Нағыз шабыт беретін әйел», «Сізден үлгі аламыз», «Өмірге құштарлығыңыз керемет» деген сынды пікірлер жазды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий