Астанада мектеп гардеробындағы оқиғадан кейін директор қызметінен кетті (ВИДЕО)
268
Астанадағы №99 мектепте сабақтан кейін оқушылардың жаппай киім ілетін бөлмеге баруынан кептеліс пайда болып, олар бір-бірін таптап кете жаздады. Оқиғаға екінші ауысымдағы сабақ кестесінің дұрыс құрылмауы себеп болған, деп хабарлайды Politico.kz.
Астана қаласының білім басқармасы мәліметінше, екінші ауысымда бірден жеті сыныптың сабағы бір уақытта аяқталған. Соның салдарынан оқушылар сырт киімдерін алу үшін гардеробқа бір мезетте барған.
Оқиғадан кейін мектеп гардеробшысы жұмыстан босатылған. Сонымен қатар мектеп директоры да қызметінен кеткен.
«Әлеуметтік желіде оқушылардың бірі гардеробта есінен танып қалғаны туралы ақпарат тараған. Алайда бейнебақылау камераларындағы жазбаларды тексеру кезінде бұл мәлімет расталмаған», - дейді білім басқармасындағылар.
Енді мектеп әкімшілігі гардероб маңындағы тәртіпті бақылауды күшейтеді. Атап айтқанда, оқушылардың жаппай жиналып қалмауы үшін білім беру ұйымының қызметкерлері қосымша кезекшілік атқарады.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
10:31
Астанада мектеп гардеробындағы оқиғадан кейін д...
08.10.2026
10:24
«Енені жалмауыз қылуды доғарыңдар»: Мөлдір Анар...
08.10.2026
10:06
Қазақстанның ең ықпалды 50 кәсіпкері
08.10.2026
09:53
Алматы облысында жүргізуші тротуардағы адамдард...
08.10.2026
09:08
«Достық емес, Ленин»: қазақша көше атауларын мо...
08.10.2026
09:00
«Тіркеуден шығара беріңдер»: Мақпал Жүнісова Пр...