«Енені жалмауыз қылуды доғарыңдар»: Мөлдір Анарбаева желідегі әйелдерге үндеу жасады

08.10.2026 • 10:24 Мөлдір ҚАЙНАР
«Енені жалмауыз қылуды доғарыңдар»: Мөлдір Анарбаева желідегі әйелдерге үндеу жасады
104
Фото: әлеуметтік желі

Блогер Мөлдір Анарбаева әлеуметтік желіде әйелдер қауымына үндеу тастап, отбасылық құндылықтар мен қарым-қатынастағы қателіктерді сынады, деп хабарлайды Politico.kz.

Оның айтуынша, ер азаматты шектен тыс пір тұтып, қолдан мүгедек жасаудың қажеті жоқ. Бастапқыда күйеуінің тырнағын алуға дейін желіге жариялап, кейін көз жасын төгетін өнер адамдарының әрекетіне таңғалатынын жеткізді. Күйеуге табынбай, балаларды бірге өсіретін серік ретінде қарап, жеке өмірді тыныш сүрген жөн.

Сондай-ақ блогер желідегі парақшасында оқырмандарына кеңес берді.

«Ешкім саған шынын айтпайды, бәрі өтірік! Өз бағыңды құрметтемей бақыт келмейді! Байыңды біреудікімен салыстырма! Бағала! Қазақтың еркектерінің бәрі бірдей жатыпішер, қатыгез емес! Құндарын жоғалтпайық! Ененің бәрін жалмауыз қылуды доғарыңдар! Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді!» деп жазды ол.

Войдите, чтобы оставить комментарий