”Ұрықтарыңды сапалы деңгейге көтеріңдер”: Сәуле Әбілдаханқызы бойдақ жігіттерге ақылын айтты

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы бойдақ қыз-жігіттерге өз ақылын айтты.
Бұл туралы журналист өзінің Facebook парақшасында ой бөлісіп:
Бойдақ жігіттер, басы бос қыздар! Үйленбес бұрын, бірінші кезекте «тұқымды» ойлаңдар. Қыздар, сұңғақ бойлы, сымбатты, ірі әрі отбасы, бала-шаға алдындағы жауапкершілікті түсінетін, саналы жігіттерге тұрмысқа шығыңдар. Ал жігіттер, ақылына көркі сай, ер қадірін білетін, ағайын-туыс пен ел қадірін түсінетін қызға үйленіңдер, - деп жазды.
Оның айтуынша, махаббат деген тек нәпсіге байланып қалмай, сыйластық пен түсіністікке негізделуі тиіс. Қазақ ұрпағын рухани да, физикалық тұрғыдан да ірі етіп қалыптастыру жастардың қолында екенін ол ерекше атап өтті.
Журналист сонымен бірге денсаулық мәселесіне де назар аударып:
Ең бастысы, денсаулықтарыңды күтіңдер. Бала жасамас бұрын ағзаны тазалап, дұрыс тамақтанып, арақ пен темекіден бас тартып, ұрықтың сапасын жақсарту керек. Әйтпесе, жауапсыздықтың зардабын өздерің де, ұрпақ та, тіпті ұлт та тартатын болады. Қазір аутизм, ДЦП сияқты түрлі аурулар көбейіп жатыр, сондықтан ойланыңдар, - деген ескерту жасады.
Сондай-ақ, ол ата-ана батасының маңызына тоқталып:
Гректерде «Әйелді және сиырды өз ауылыңнан ал» деген нақыл бар. Ата-анаң ‘болмайды’ десе, тыңдау керек. Үлкендер өмір көрген, адам танитын жандар. Олар екі әулеттің сыйластығын, туыстық қарым-қатынасты бірден байқай алады. Ата-ана қабылдамаған, ақ батасын бермеген некеден қиындық тууы мүмкін. Ал үлкендердің өзара сыйластығы болса, ұл мен қыздың бақытты болуы да соған байланысты, - деп жазды.
Соңғы жаңалықтар





