«Ұсақталма, Ардаққа ұқсап барасың»: Елдос Сметов халықтан оңбай сөз естіп қалды

Желіде Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев спортқа, соның ішінде футболға көңіл бөлмейді деген ақпарат тарағаннан кейін Олимпиада чемпионы Елдос Сметов бұл пікірлердің шындыққа жанаспайтынын айтып, өз ойын жеткізді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Сметов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Париж Олимпиадасынан алтын медальмен оралған соң әкімнің өзі құрмет көрсетіп, Тараз қаласында үлкен мереке ұйымдастырғанын тағы бір мәрте есіне алды.
«Бұл тек менің қуанышым емес, тарихи медальді Отанға алып келген соң тұтас халықтың қуанышы болды. Олимпиадаға барар жолда көрсетілген қолдаудың арқасында Парижден алтынмен оралғанымды ешқашан жасырған емеспін», – деп жазды Сметов.
Айтуынша, Қарашөкеев тек спорт саласына емес, облыстың әлеуметтік және экономикалық бағыттарына да ерекше назар аударып келеді.
«Облысымыз талантты спортшыларға бай. Әр спорт түрінен өзіндік мектебі қалыптасқан. Футбол клубына да әкім тиісінше көңіл бөліп отыр деп ойлаймын. Әкім тек спортты дамытумен емес, әлеуметтік, шаруашылық, экономика салаларында біз білмейтін маңызды жұмыстарды атқарып отыр деп сеніммен айтамын», – деді Олимпиада чемпионы.
Алайда Сметовтің жазбасынан кейін желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды. Тіпті кейбірі бұл жазбаны «тапсырыспен жазылған» деп сынап тастады.
«Елдос, сен –халықтың чемпионысын, жеке бир адамның емес. Соны ұмытпа. Сосын мұндай заказной пост жазба», «Әрине, заказной пост.. Бірақ ұят екен.. Табан астынан әкімді қолдаушы болғаны.. ҰЯТ..», . «Елдос бауырым, ұсақталма, жақсы ма? Болмаса Ардаққа ұқсап барасың», – деп жазды желі қолданушылары.
Соңғы жаңалықтар





