Үш ағайынды бала суға кетіп, ажал құшты

Үш ағайынды бала суға кетіп, ажал құшты
07.07.2025 11:03
0
332
oxu.az

Әзербайжанның Шамкир ауданына қарасты Ғәдімгала ауылында үш бірдей жасөспірімнің суға кетуімен аяқталған ауыр жағдай орын алды. 

Қайғылы оқиғаның алдын ала мәліметі бойынша, ауыл тұрғындары – 2016 жылы туған Фәрди Надирли, 2018 жылы туған Раван Надирли және 2021 жылғы Исмайыл Надирли есімді немере ағайындылар ауыл маңындағы жасанды көлге шомылуға барған. Кенеттен төрт жасар Исмайыл суға батып кете бастағанда, екі ағасы оны құтқармақ болған. Алайда, өкінішке қарай, үшеуі де суға батып қаза тапты.

Оқиға орнына Әзербайжан Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) Шағын кемелерді мемлекеттік қадағалау және судағы құтқару қызметінің сүңгуір-құтқарушылары шұғыл түрде жұмылдырылып, нәтижесінде барлық балалардың денесі судан шығарылды.

Төтенше жағдайлар министрлігі ел азаматтарын, әсіресе ата-аналарды, балаларын қараусыз қалдырмауға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға және шомылуға арналмаған су айдындарында суға түспеуге шақырады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий