Ұшақта жолаушыға көмектескен министр мұны «пиар» дегендерге жауап берді
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ұшақта жолаушыға жедел көмек көрсеткені туралы әлеуметтік желіге тараған видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ұшақта жолаушыға көмек көрсеткен Ақмарал Әлназарова мұны «пиар үшін жасалған» дегендерге жауап берді.
«Өкінішке қарай, күмәнданғандар бар. Бұл – алғаш рет көмек көрсетуім емес, бірақ бірінші рет біреу түсіріп, әлеуметтік желіге таратып жіберген жағдай болды. Жолаушының қан қысымы көтеріліп, «дәрігер бар ма?» дегенде, әрине, бірден барып көмектестім. Кез келген медицина қызметкері дәл солай істейді. Сондықтан мұнда күмәнданатындай ештеңе жоқ. Адамдардың пікіріне әсер ете алмаймын. Ең бастысы өз парызымды орындадым», - деді министр.
Еске салайық, Ақмарал Әлназарова Астанадан Алматыға бағыт алған рейсте есінен танып қалған жолаушыға көмек көрсеткен. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде таралып, қоғамда қызу талқыланған еді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
15.10.2026
23:16
“Мүмкін, әбден мүмкін!”: Дана Уайттан Шавкат Ра...
15.10.2026
22:34
Семейде сәбиді қоқысқа тастаған ата-анаға сот ү...
15.10.2026
21:38
«Тәте емес, милфа деп ата»: Дильназ Ахмадиеваны...
15.10.2026
21:06
Шымкентте кәсіпкерлер мен шенеуніктерді бопсала...
15.10.2026
20:26
Қазақстан мен Әзербайжан арасында Каспий арқылы...
15.10.2026
19:13
Алтын іздеп ажал құшты: Бестөбеде екі күнде екі...