"Ұялмайды, квартирант сияқты жүреді": Нұрлан Еспановтың ұлы әкесінің сырын ашып қойды

Әнші Нұрлан Еспановтың ұлы, жуырда ғана шаңырақ көтерген Олжас Еспанов әкесі туралы қызықты мәлімдеме жасады. Ол "Жарқыраған жұлдыз" бағдарламасына берген сұхбатында танымал өнерпаздың үйдегі мінезін ашық айтып берді.
Бұл туралы sportinside.kz сайты жазды.
Оның айтуынша, Еспанов үйде сирек болады және көбіне ұйықтап кетуге ғана келеді.
"Үйде болмайды. Кешке келеді, ұйықтайды. Түсте тұрады да, кетіп қалады. Қарасаң, кәдімгі квартирант сияқты. Ұялып жүрген ештеңесі жоқ, баяғы қалпы", – деді Олжас.
Бұл сөздерді Нұрлан Еспановтың өзі де растады. Айтуынша, той-думан, қонақ күту секілді шаруалардан қолы босамай жүр.
"Ұялуын ұяласың, әрине. Бірақ келініміз өте жақсы. Өзім де үйде көп болмай жүрмін. Тойдан кейін құдалық болды. Қазір қонақтар келіп-кетіп жатыр. Соны күтіп, шығарып салумен айналысып жүрміз. Қызық енді басталады", – деді әнші күліп.
Соңғы жаңалықтар





