Вашингтон Украинаға ауыр талаптар қоюда – сарапшылар алаңдаулы

Украина Ресей мен АҚШ арасындағы келіссөздерден шеттетілді – сарапшылар бұны Мәскеудің стратегиялық жеңісі деп бағалап отыр, деп хабарлайды CNN.
CNN арнасының сарапшысы, Нью-Хейвен университетінің ұлттық қауіпсіздік кафедрасының доценті Мэтью Шмидттің айтуынша, Украина келіссөздерге қатыспаған жағдайда, оның мүдделері ескерілмеуі мүмкін.
"Егер Киев бұл процестен тыс қалса, онда Украина Ресей белгілеген ережелер бойынша әрекет етуге мәжбүр болады. Бұл келіссөздердің нәтижесі Украина үшін алдын ала белгілі болуы мүмкін", – дейді Шмидт.
Бұрынғы ЕҚЫҰ өкілі Майкл Бочюркив CNN-ге берген сұхбатында Украина қазіргі уақытта АҚШ-қа толықтай тәуелді екенін атап өтті.
"Вашингтон Киевке маңызды әскери және барлау деректерін беріп отыр. Бірақ Украина өзінің мүддесін толықтай қорғау үшін келіссөз үстеліне отыруы тиіс", – деді Бочюркив.
Сонымен қатар, Трамп әкімшілігінің Украинаға қоятын талаптары ауыр болуы мүмкін. Сарапшылардың пікірінше, Вашингтон Киевтен стратегиялық маңызы бар сирек кездесетін металдардың ірі көлемін талап етуде. Бұл минералдардың құны миллиардтаған долларға бағаланады.
Қазіргі жағдай Украина үшін күрделі. Егер Киев келіссөздерден шет қалса, онда Ресей өз шарттарын орындатуы ықтимал.
Соңғы жаңалықтар





