Ынтымақтастықтың жаңа кезеңі: Қазақстан мен Ресей көлік инфрақұрылымын нығайтуда
Қазақстан Ресеймен мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері бойынша келісім жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Politico.kz тілшісі KazTAG агенттігіне сілтеп.
«Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы темір жол көлігі мен инфрақұрылымын, автомобиль жолдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мемлекеттік шекара арқылы автомобиль және темір жол өткізу пункттерін дамыту саласындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын», - делінген Қазақстан үкіметінің қаулысында.Тараптар келісім шеңберінде ынтымақтастықты жүзеге асырады және мынадай бағыттар бойынша іс-қимылдарды үйлестіруді қамтамасыз етеді:
- тараптар мемлекеттерінің аумағында орналасқан темір жол көлігі инфрақұрылымын және автомобиль жолдары учаскелерін, сондай-ақ тараптар мемлекеттерінің аумағында орналасқан автомобиль және темір жол өткізу пункттерін дамыту жөніндегі іс-шараларды келісу және іске асыруды қамтамасыз ету;
- тараптар мемлекеттерінің аумағындағы көлік инфрақұрылымы объектілерінің және өткізу пункттерінің тиісті пайдалану жай-күйін және жеткілікті өткізу қабілетін қамтамасыз ету;
- көлік және көлік инфрақұрылымын дамыту саласында тәжірибе және ақпарат алмасу;
- Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мемлекеттiк шекара арқылы темiр жол көлiгi мен инфрақұрылымын, автомобиль жолдарын, сондай-ақ автомобиль және темiр жол өткiзу пункттерiн дамыту саласындағы ынтымақтастықтың тараптар өзара келiскен өзге де бағыттары.
- темір жол көлігін және темір жол көлігінің инфрақұрылымын дамыту;
- тараптар мемлекеттерінің аумағында орналасқан автомобиль жолдары учаскелерін дамыту;
- Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерін дамыту;
- Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы арқылы теміржол өткізу пункттерін дамыту.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
04.11.2026
10:04
Ташкентте қазақ футболшылары ауруханаға түсті: ...
04.11.2026
09:54
Қазақстанда онлайн казино ісі бойынша екі шетел...
04.11.2026
09:08
Павлодарда кішкентай қызды зорлаған педофил сот...
04.11.2026
08:29
Алматыда әйелін балаларының көзінше пышақтап өл...
03.11.2026
23:02
Алматыда ақылы автотұрақтарға жеңілдіктерді рәс...
03.11.2026
21:30
Олжас Бектенов жаңа Көлік министріне жол сапасы...