«YouTube арнамыздан тамашалай алады»: Роза Әлқожа күміс тойын желіде көрсетпек

Белгілі әнші Роза Әлқожа мен жұбайы күміс тойларын атап өтіп, ағайын-туыстарын жинамақ. Әншінің айтуынша, биыл олардың шаңырақ көтергеніне 25 жыл толып отыр, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
«Отағасы Айдын Қаба 45 жасқа толады. Осыған орай ұл-қыздарымызбен ақылдастық. Жанашыр елді жинап, батасын алсақ деп отырмыз. Бас қосқанымызға да 25 жылдың бедері. Алда алтын тойға дейін ғұмыр бар, қызық-қуанышымыз көп болсын дейік! Біреуге құда, біреуге ата болған Айекең қадірлі қария, абыз ақсақал болсын деп ниет еттік. Тойға келе алмағандар Roza Alkhoja деген YouTube арнамыздан тегін тамашалай алады. Сілтемесін саламыз. Қалыңдық көйлегін дизайнер Аида Кауменова тігіп жатыр», – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары жұбайларға ақ тілектерін жаудырды.
«Биыл жолдасым екеуміздің шаңырақ көтергенімізге 25 жыл толады», «Гауһар тойға аман-есен жетіңіздер», «Құтты болсын!», «Жап-жас болып тұрсыздар», «Қандай керемет сәттер», «Шын бақытты отбасы осындай болса керек», – деп жазды көпшілік.
Соңғы жаңалықтар





