Қырғыз Республикасында ұлттық аза тұту күні жарияланды
Қырғызстан басшысы Садыр Жапаров 19 қыркүйекті Қырғызстанда ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Президент әкімшілігінің Ақпараттық саясат қызметінің жетекшісі Дайырбек Орынбеков мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
“Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров 2022 жылдың 19 қыркүйегін Қырғыз Республикасында ұлттық аза тұту күні деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды”, – деді Орынбеков.Сондай-ақ, ол 14-17 қыркүйекте Баткен облысындағы мемлекеттік шекараның қырғыз-тәжік учаскесінде орын алған қарулы қақтығыс Қырғыз Республикасы азаматтарының өліміне әкелгенін түсіндірді.
«Қайтыс болғандарға қайғырып, олардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айта отырып: 2022 жылғы 19 қыркүйекті Қырғыз Республикасында ұлттық аза тұту күні деп жарияланды; бүкіл ел бойынша ұлттық аза тұту күнінде, сондай-ақ шетелдегі дипломатиялық және консулдық мекемелердің ғимараттарында Қырғыз Республикасының мемлекеттік тулары жартылай ілінген деңгейге дейін түсірілсін; мәдениет мекемелері мен телерадиокомпанияларға ұлттық аза тұту күні ойын-сауық шаралары мен бағдарламаларын тоқтату ұсынылды», - делінген Қырғызстан президенті әкімшілігінің ақпараттық саясат қызметі таратқан хабарламада.Еске салайық, қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы қақтығыстан 36 қырғызстандық қаза тапты.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
27.10.2026
21:56
Microsoft 60 мың қызметкеріне өз еркімен жұмыст...
27.10.2026
20:40
Жамбыл облысында заңсыз көші-қон ұйымдастырған ...
27.10.2026
19:53
Қызылорда полициясы атышулы жол апатына кінәлі ...
27.10.2026
19:20
«Ерен еңбегі үшін» медалі ел арасында қызу талқ...
27.10.2026
18:49
Айсултан Сейітов пен A$AP Rocky-дің жаңа клипі ...
27.10.2026
18:16
28 қазан, сағат 11:00: Тоқаев халыққа үн қатады