Ырысбала Икрамбай: Тексерсін дейтіндер, тексере берсін

Ырысбала Икрамбай: Тексерсін дейтіндер, тексере берсін
08.09.2025 21:09
0
84
Фото: irisbala__ikrambai_official

Танымал блогер Ырысбала Икрамбай өзін тексеру қажет дегендергі соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды.

"Мен дәл қазір білекті сыбанып тастап тірлік істейтін шақта екенмін. Тек алға қарай баса беремін, өсемін, өрлей беремін. Ырысбала халыққа есеп берсін деген жандар: 100 үй осы елдің ішінде, осы Қазақстанда. Есеп керектер, аралап шығыңыздар. Ырысбаланы тексерсін дейтіндер, тексере берсін. Мен басқа мемлекетке қашып кеткен жоқпын. Халықтың алдында, көптің ішіндемін. Ырысбала байып кетті деп қыртатындар, мен жасап жатқан жұмысым, байлығым жайында есепті Кірістер комитеті, салық органдарына тапсырамын. Керек пе? Сол жақтан сұраңдар. Мен үшін бұл тақырып жабық, соңғы сөзім тексере беріңдер. Мен өзімнің істеген ісіме жауап беремін. Маған қыртып отырғандардың видеосын жібермеңіздер, мен мүлде қарамаймын. Қыртып отырғанша қолдарыңнан келсе 100 емес, 10 баспана сыйласын", - деді блогер. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий