Ыстамбұлда өзбек әйелінің бассыз денесі табылды
Түркияның Ыстанбұл қаласында полиция қоқыс жәшігінің ішінен әйел адамның мәйітін тапты. Марқұм Өзбекстан азаматы болып шықты, деп хабарлайды Politico.kz.
Sabah басылымының мәліметінше, қайғылы оқиға қаланың Шишли ауданында тіркелген. Қағаз жинаумен айналысатын азамат қоқыс жәшігінің ішінен ақ жаймаға оралған денені байқап, бірден полицияға хабар берген.
Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары жедел тексеру жүргізіп, марқұмның жеке басын саусақ іздері арқылы анықтаған. Ол 37 жастағы Өзбекстан азаматшасы Дурдона Хакимова екені белгілі болды.
Қазіргі таңда аумақ қоршауға алынып, кешенді тергеу амалдары басталды. Құқық қорғау органдары қылмыстың себептері мен мән-жайын анықтауға кіріскен. Әзірге күдіктілер және әйелдің өліміне қатысты өзге де деректер ресми түрде жарияланған жоқ.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
25.10.2026
17:28
Путин, Трамп, Си Цзиньпин: Әлем көшбасшылары То...
25.10.2026
16:32
Атыраудағы NIS мұғаліміне қатысты дауда жаңа де...
25.10.2026
16:16
Жаңаөзеннің бұрынғы әкімі ұсталғаны хабарланды
25.10.2026
15:14
Ыстамбұлда 26 жастағы қазақстандық қыз жұмбақ ж...
25.10.2026
14:10
Қарағанды облысында жолаушылар пойызы жүк көліг...
25.10.2026
13:34
Атырауда әйелдерді дәретханада жасырын видеоға ...