Зәкеңді атқан адамдардың аты жақында белгілі болады - Мақпал Жүнісова

 Зәкеңді атқан адамдардың аты жақында белгілі болады - Мақпал Жүнісова
19.12.2024 09:44
0
778
әлеуметтік желі

Қазақстанның халық әртісі, белгілі әнші, халықтың сүйіктісі Мақпал Жүнісова ешкімге айтпаған құпияларын бөлісті. 

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділов жайлы бірнеше сұрақтарға жауап берді. Оның қолданған заттарын неге сақтап отырғанын, үкіметтен бұл іске қатысты не күтетінін бөлісті. Оның сөзінше, ақиқаттың ашылатын кезі келді. 

"Зәкең жайлы көп сөз қозғай беріп керек емес. Мен ол кісінің ақталатынына сенемін. Зәкең ақталғанда үкіметке тапсырамын деп оның қолданған заттарын, суретшілер салған портреттерді өзінің үйінде сақтап отырмын. Ол үй Мерейдің үйі. Қызым екеуміз оны барып жинап тұрамыз. Сол кісінің аруағы разы болсын деп жүрміз. Зәкеңді атқан адамдардың аты жақында белгілі болады деп сенемін", - деді әнші. 

Ақпарат Massaget.kz сайтынан алынды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или