Заңғар Нұртас пен Индира Мәуленова сәби күтіп жүр

Заңғар Нұртас пен Индира Мәуленова сәби күтіп жүр
26.08.2025 19:09
0
33
Фото: instagram.com/zangaar/

Әнші Қайрат Нұртастың інісі желіде сүйінші жаңалығын жариялады. Ол жұбайы екеуі тұңғыш сәбиін күтіп жүр. Instagram желісінің қолданушылары Заңғар мен Индираны құттықтады, деп хабарлайды POLITICO.KZ KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Instagram-да Заңғар Нұртас пен Индира Мәуленованың парақшаларында ерекше фотолар жарияланды. Іші шығып қалған Индира оқырманына қуанышын бөлісті.

"Бақытты отбасымыз тағы бір жүрек соғысымен толықпақ. Аллаға шүкір, біздің кішкентай ғажайып жолда", - деп жазды ерлі-зайыпты.

"Қандай тамаша жаңалық", "Қымбаттыларым, құтты болсын", "Индираның жолы жеңіл екен, келін боп үйге келіп еді, Жұлдыз (Қайрат Нұртастың жары – ред.) сәбиін дүниеге әкелді", "Кеше ғана біреулер "әйелің неге тумай жүр" деп жазып еді, енді аузы жабылды", - деп пікір қалдырды желідегілер.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий