“Зардап шеккендер бар”: Астанада жолаушылар автобусы жантүршігерлік жағдайда апатқа ұшырады

Астанада жолаушылар автобусы апатқа ұшырады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Автобус бағанға соғылып, 10-нан аса адам зардап шекті. Олар бірден ауруханаға жеткізілген. Біреуіне шұғыл ота жасалды.
Полиция басқармасының хабарлауынша, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Әлеуметтік желіде тараған бейнеден жолаушылар автобусының алдынғы әйнегі шағылып кеткенін көруге болады. Оқиға болған жерге жедел жәрдем бригадалары келіп іске кірікен. Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді.
Денсаулық сақтау басқармасы жол апатында 10 адамның зардап шеккенін хабарлады. Олардың бірі ауыр жағдайда.
Ал қалған зардап шеккендер қаланың түрлі стационарларына жеткізілді. Олардың екеуі Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығында ем қабылдауда.
Соңғы жаңалықтар





