Зеленский Буча трагедиясының үш жылдығын еске алды

Зеленский Буча трагедиясының үш жылдығын еске алды
31.03.2025 17:43
0
332
t.me/V_Zelenskiy_official
Украина Президенті Буча оқиғасын әлемдік қауымдастыққа еске салды

Украина Президенті Владимир Зеленский Ресей әскерінен азат етілген Бучадағы қасіретті оқиғаның үш жылдығын еске салды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

«Үш жыл бұрын біздің жауынгерлер Бучаны ресейлік оккупанттардан азат етті. Әлем Ресей оккупациясының не екенін өз көзімен көрді: көшеде жатқан мүрделер, азапталған адамдар, қарапайым тұрғын үйлердің ауласындағы қабірлер», – деп жазды Зеленский Telegram-арнасында.

Президенттің айтуынша, осы оқиғадан кейін ешбір ел Ресейдің Украинада қандай қылмыс жасағанын білмейміз деп айта алмайды.

«Украина өз халқының өмірі үшін күресуде. Біздің жерімізде ешқашан ешкім ресейлік оккупанттардың жасаған қасіретін қайталамауы тиіс», – деп атап өтті Зеленский.

Сондай-ақ, Украина басшысы соғыста қаза тапқандардың рухына тағзым етіп, ел қорғаған жауынгерлерге алғыс айтты.

«Ресей соғысында өмірі қиылған барлық адамдардың рухы мәңгі есте қалсын! Украина үшін жанын пида еткен батырларымызға мәңгілік алғысымызды білдіреміз!» – деп жазды ол.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий