Зеленский Мюнхенге келді: конференциядан ақпараттар

Украина президенті Владимир Зеленский Германиядағы Мюнхен қауіпсіздік конференциясына келді, деп хабарлайды BBC.
ТІКЕЛЕЙ ЭФИР аяқталды!
Ол Bayerischerhof қонақүйінің бас кіреберісінен өтіп, күшейтілген күзетпен бірге ғимаратқа кірді.
Зеленскийдің бұл сапары барысында АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнспен екіжақты кездесу жоспарланған еді, алайда ол кейінге шегерілді.
Украина Ресей басып алған аумақтарды мойындамайды
Президент Зеленский Украина ешқашан басып алынған аумақтарды Ресейдің жері ретінде мойындамайтынын мәлімдеді.
"Біз оккупацияланған аумақтарды ешқашан мойындамаймыз... Біз НАТО-ға кіруді қалаймыз. Бұл – ең сенімді қауіпсіздік кепілдігі. Егер бізге НАТО есігін жапса, онда біз Еуропамен бірге қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға тура келеді", – деді Зеленский конференцияда.
Ресей НАТО-мен соғысқа дайындалып жатыр – Зеленский
Зеленский Ресейдің НАТО-мен соғысқа дайындалып жатқанын мәлімдеді.
"Біздің барлау мәліметтері бойынша, Ресей келер жылы НАТО-ға қарсы соғысты бастауға дайындалуда. Бұл – тек Украинаға ғана емес, бүкіл Еуропаға қауіп төндіретін жағдай", – деп атап өтті Украина басшысы.
Сондай-ақ, Зеленский Чернобыль АЭС-іне жасалған шабуыл туралы пікір білдіріп, бұл әрекеттің әдейі Мюнхен конференциясы қарсаңында ұйымдастырылғанын мәлімдеді.
"Ресей дроны Чернобыль АЭС-іне шабуыл жасады, бұл өте қауіпті әрекет. Радиация деңгейін мұқият өлшеу жүргізіліп жатыр. Путин бейбітшілік қаламайды, ол арандатушылыққа барып отыр", – деді Зеленский.
Соңғы жаңалықтар





