«Жағдайы» ауыр». Шыршаны безендіру кезінде құлаған мұғалімнің жағдайы белгілі болды

22 желтоқсанда Семейде қаласының шыршсын безендіру кезінде жергілкіті мұғалім Қуат Айтқалиев құлап, жансақтау бөліміне түсті. Оның жағдайы туралы досы Біржан Ахмер әлеуметтік желіге жазды.
Семейде қалалық шыршаны безендіру кезінде жазушы, ұстаз Қуат Айтқали досымыз аяқасты жоғарыдан құлап, реанимацияға түсті.Ол 49 мектепте жұмыс істейді. Қазір науқастың жағдайы ауыр.Мәселеге тікелей қатысы бар тұлғалар ел алдында жауап береді деп ойлаймыз. Қуаттың денсаулығы мектеп басшылығына емес, өзіне, отбасына керек. Мұғалімдерді осындай жұмысқа тарту қаншалықты дұрыс? Досыма амандық тілеймін. Тезірек сауығып кетсін, - деп жазды ол.
Айта кетейік, Семейде шыршаны безендіру кезінде мұғалім биіктіктен құлап кеткен еді. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жағдайға байланысты пікір білдіріп, ұстаздарды міндетіне кірмейтін қызметке жұмсауға болмайтынын ескертті.
Соңғы жаңалықтар





