"Жағдайы өте ауыр": Мұхтар Шахановтың келіні жайсыз хабармен бөлісті
Атақты ақын Мұхтар Шахановтың келіні Жаңагүл Мұратқызы әлеуметтік желідегі парақшасында ақынның денсаулығына қатысты алаңдатарлық хабармен бөлісті, деп хабарлайды Politico.kz.
Оның айтуынша, ақынның қазіргі жағдайы ауыр.
«Атаның қазіргі жағдайы өте ауыр, айтқанын бір сәттен кейін ұмытып қалатын науқас күйде. Жақында ғана екінші ұлынан айырылған адамның психоэмоционалдық жағдайының қаншалықты ауыр екенін біреу түсінсе, біреу түсінбейді. Қазіргі таңда ата қоғамда болып жатқан жағдайлардан мүлдем бейхабар. Осыны түсініңіздер, тыныштық беріңіздер», — деді ол.
Сондай-ақ Жаңагүл Мұратқызы ақынды Жаңа Конституцияға қатысты айыптағандарға жауап беріп, оның ел алдындағы еңбегін атап өтті.
«Мұхтар Шаханов өз ұлтының алдында адал перзенті болып, мәңгі тарихта қалатын тұлға», — деп жазды ол.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
11.11.2026
09:22
«Деструктивті ұйымның ықпалында»: Нұртас Адамба...
11.11.2026
08:56
Оралда бұрынғы полицей пышақ жарақатын алды: по...
11.11.2026
08:18
Алматыда 12 жастағы баланы өлтірген оқушының ат...
10.11.2026
22:25
Маңғыстау облысы әкімдігіне келуші әйел пышақ а...
10.11.2026
21:39
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ саммитіне қатысу үшін ...
10.11.2026
20:22
Нұрлан Сабуров 100 миллион рубль бопсалау ісі б...