Жайық өзеніндегі су деңгейі Атыраудағы Индерборда – 10, Махамбетте 9 метрден асты
450
Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі тағы көтерілді. Қазір Индербор кентінде – 10, Махамбет ауылында 9 метрден асты.
Атырау облысының жедел штабынан мәлім еткендей, 9 мамырда таңертеңгі 08:00-де Жайық өзенінің деңгейі Индеорбор кентінде 992 см болған. Ал, кешкі сағат 20:00-де 1005 сантиметрге жетті. Қазір бұл деңгей қауіпті шектен 160 сантиметрге көбейген.
Махамбет ауданында Жайық өзеніндегі судың көтерілуіне байланысты жағалауды бекіту жұмысы жалғасып отыр. Осындай жұмыс Бейбарыс ауылдық округіне қарайтын Талдыкөл ауылында жүргізілді.
Өйткені, бұл ауданда өзен деңгейі 9 метрден асып кетті. Бүгін, 9 мамырда таңертең сағат 08:00-де Махамбет ауылының тұсында 908 сантиметрді құраған. Ал, кешкі сағат 20:00-де 915 сантиметрге жеткен.
Су арнасының деңгейі Атырау қаласында кешкі сағат 20:00-де 525 сантиметрді көрсетіп тұр. Шаһар тұсында 550 см қауіпті шек ретінде белгіленген. Жайық өзеніндегі су қала маңындағы Жаңаталап ауылында 377, Еркінқала елді мекенінде 337 сантиметр құрады.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау-Орал трассасынан Индерборға бұрылатын жолдың екі жағына су жиналғанын жазған болатынбыз.
Ал, бүгін Атырау облысында Жайық жайылмасындағы қыстақтың 30 тұрғыны эвакуацияланатынын хабарлаған едік. Соңғы жаңалықтар
26.03.2026
22:59
Қарағандыда әйел мен 12 жасар қызы өлі табылды
26.03.2026
22:08
Жантүршігерлік жол апатынан кейін Алматы полици...
26.03.2026
21:24
Ақтаудағы жаппай төбелеске мемлекеттік қызметке...
26.03.2026
20:28
Алматыдағы жол апаты: ІІМ басшысы мәлімдеме жасады
26.03.2026
19:21
Әбиба Әбужақынова өзінен бес жас кіші балуанға ...
26.03.2026
18:18
Ақтөбеде жүкті әйел мінген жедел жәрдем аударылды