Жамбыл облысында ҰҚК-нің 2 қызметкері жантүршігерлік жағдайда көз жұмды

Жамбыл облысында ҰҚК-нің 2 қызметкері жантүршігерлік жағдайда көз жұмды
25.06.2025 12:01
0
675
Фото: freepik.com

Жамбыл облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің екі қызметкері жол-көлік оқиғасынан көз жұмды, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Оқиға Toyota Camry және Mitsubishi Pajero көліктерінің қатысуымен болған. Жол апатынан екі адам қаза тауып, тағы үшеуі медициналық көмекке жеткізілген. Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Жол-көлік оқиғасы бойынша іс қозғалды. Toyota Camry көлігінің жүргізушісі, Шолдала ауылының бағытымен жүріп келе жатқанда, басты жолмен қозғалып келе жатқан Mitsubishi Pajero көлігімен соқтығысқан. Оқиға орнында екі адам қаза тапты, үш адам ауруханаға жеткізілді», — деді департамент өкілдері.

Оқиғаға күдікті жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Көліктер арнайы автотұраққа қойылды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий