Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл бастығы оққа ұшты

16.03.2026 13:33 Әсел Мұрат
Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл бастығы оққа ұшты
329
Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл бастығы оққа ұшқаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Politico.kz.

Желідегі мәліметтерге сәйкес, 15 наурыз күні қарауылдың үшінші бекетінде ведомстволық күзет қызметінің атқышы карабиннен абайсызда оқ атып, қарауыл бастығына тигізген. Екеуі де әскери қызметкерлер емес, ІІМ Әскери-тергеу басқармасының қызметкерлері болған.

Ауыр жарақат алған азамат жедел түрде әскери госпитальға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

ІІМ Әскери-тергеу департаменті тілшімізге аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын мәлімдеді.

«Жамбыл облысында әскерилендірілген күзет қызметінің азаматтық қызметкерінің қаза табу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады тілшімізге департаменттегілер.

Оқиғаның нақты мән-жайы барлық қажетті тергеу әрекеттері мен процессуалдық шаралар толық жүргізілгеннен кейін анықталады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий