Жаңа адамдар «Qala» атты жаңа жобасын таныстырды
Жаңа адамдар «Qala» атты жаңа YouTube-жобасын таныстырды. Бұл — Қазақстанның өңірлік қалаларының қайта жаңғыру жолы мен жаңа даму траекторияларын игеруі туралы оқиғалар. Өңірлер — елдің іргетасы, олардың қалай өмір сүріп, дамып, адамдарды ұстап қалуы жалпы ілгерілеуге тікелей әсер етеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бірінші шығарылым Арқалыққа — бір кездері елдің маңызды өнеркәсіптік тірегі болған қалаға арналған. Мұнда алюминий өндіретін боксит кендері өндірілген. Сол алюминийден ұшақтар мен зымырандар жасалды. Торғай өңіріне деген қызығушылық оның тарихи маңызымен ғана емес, мемлекеттің қазіргі стратегиялық міндеттерімен де байланысты. Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлік саясатты қайта жүктеу қажеттілігіне тоқталып:
«Аймақтардағы экономиканың өркендеуіне серпін беретін жаңа мүмкіндіктерге жол ашу және өңірлердің даму деңгейіндегі теңсіздікті жою – қазір мемлекет алдында тұрған негізгі міндеттің бірі» екенін атап өтті.
Қала әлеуетіне ерекше назар Президенттің кейінгі мәлімдемелерінде де көрініс тапты. Ақмола облысына жасаған жұмыс сапары барысында ол Торғай өңірінің маңызына ерекше назар аударды:
«Арқалыққа биыл міндетті түрде барамын. Кезінде уәде бердім, оны орындайтын кез келді. Торғай өңіріне көңіл аудару керек».
«Qala» жобасының алғашқы шығарылымы өңірдің даму кезеңдерін жан-жақты көрсетеді. Жобаның басты мақсаты — Арқалық мысалында Торғай өңірінің жаңғыруын айқындап, өңірлік қалалардың қазіргі динамикасын көрсету. Болашақта жоба аясында қалалық инфрақұрылымдағы өзгерістер мен басқа өңірлердің дамуы да таныстырылып, жаңа мүмкіндіктер ашылып, келешекке нақты қадамдар жасалады.
Соңғы жаңалықтар