«Жаңа адамдар» қолдаған «Әділет» партиясы «AMANAT-қа» қосылды

15.06.2026 21:49 Абзал БАХЫТЖАНОВ
«Жаңа адамдар» қолдаған «Әділет» партиясы «AMANAT-қа» қосылды
46
Фото: Жаңа Адамдар

Астанада өткен «Әділет» партиясының екінші съезінде делегаттар ұйымның «AMANAT» партиясына қосылуы туралы шешімді бірігіп қолдады, деп хабарлайды Politico.kz.

Еліміздің барлық өңірінен келген қатысушылар арасында қозғалыс көшбасшылары мен аймақтық кампустардың өкілдері ерекше белсенділік танытты.

Саяси шараның басты жаңалықтарының бірі ретінде «Жаңа адамдар» қозғалысының негізін қалаушы Асель Баденова партияның мандат комиссиясының құрамына енді. Осыған дейін саяси кеңес құрамында болған ол енді делегаттардың шешім қабылдау үдерісі мен съезді ұйымдастыру жұмыстарын тікелей сүйемелдейді.

Жиында белсенді азаматтарды жасампаз патриотизм төңірегінде біріктіру мен «Қуатты өңірлер – қуатты ел» қағидатын іске асыру мәселелері кеңінен қаралды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалар кезеңінде прогрессивті күштерді ұлттық құндылықтар төңірегінде біріктіру туралы үндеуі партиялардың тұтасуына негізгі себеп болды.

«Бізге үлкен жауапкершілік артылды. Оны табысты жүзеге асыру үшін елдегі барлық жасампаз күштердің – қоғамдық, саяси және азаматтық бастамалардың бірігуі қажет. Ел игілігі үшін еңбек етуге дайын екенін дәлелдеген адамдарды, үздік идеялар мен тиімді тәсілдерді біріктіру маңызды. Өзгерістердің жаңа кезеңі барлық деңгейде жүйелі жұмысты талап етеді», – деді «Әділет» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі Асель Баденова.

Войдите, чтобы оставить комментарий