Жаңа босанған Айсәуле Бақытбек 4-ші жүктілік туралы айтты

24.12.2024 18:45 Берік Арманов
Жаңа босанған Айсәуле Бақытбек 4-ші жүктілік туралы айтты
387
ашық дереккөз

Қазақстандық продюсердің қызы, YouTube-шоу жүргізушісі және кәсіпкер Айсәуле Бақытбек-Қайдарова төртінші бала туралы ойлана бастағанын айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

“Келесі жылы тағы бір бала туу әбден мүмкін екенін енді ғана ойладым. Мен есімнен адасайын дедім. Ойымды тоқтатыңыздаршы,” – деп жазды Айсәуле Бақытбек Instagram парақшасында, жазбасын күліп тұрған эмодзилермен толықтырып.

Айсәуле Бақытбек онколог дәрігер Диляра Қайдарованың ұлы Әлішер Қайдаровпен некеде тұрып, үш қыз тәрбиелеп отыр: Сәфи мен Сәтті есімді қыздары бар. Ал үшінші қызының есімі әзірге жарияланған жоқ. Белгілісі – ол ағымдағы жылдың қараша айының соңында дүниеге келген.

Айта кетейік, блогер әрдайым үлкен әрі тату отбасы туралы арманын жасырмаған. Айсәуле бірнеше рет үш баламен шектелмейтінін айтқан еді.

Войдите, чтобы оставить комментарий