Жаңа прокурорлар кімдер? Толық тізім

Бас Прокурордың бұйрығымен еліміздің негізгі өңірлеріне жаңа прокурорлар келді, деп хабарлайды POLITICO.KZ порталы.
Бүгін, 29 қыркүйекте Президенттің келісімімен Бас Прокурор Берік Асыловтың бұйрығымен еліміздің сегіз өңіріне және көлік саласына жаңа прокурорлар тағайындалды.
Батыс Қазақстан облысының прокуроры – Нұрбек Ұласбекұлы тағайындалды. Ол 1981 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің түлегі. «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
Маңғыстау облысының прокуроры – Серікқали Құшалиев Жанбыбекұлы тағайындалды. Ол 1983 жылы Алматы облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Орталық Азия университетін бітірген.
Павлодар облысының прокуроры – Алмат Байшолақов Мұратұлы тағайындалды. Ол 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Еңбек жолын Алматы қаласы Бостандық ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған.
Қостанай облысының прокуроры – Марат Сексембаев Исламханұлы тағайындалды. Ол 1979 жылы Қостанай облысының Арқалық қаласында туған. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды облысының прокуратурасында бастады.
Атырау облысының прокуроры – Мадияр Басшыбаев Бекенұлы тағайындалды. Ол 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Прокуратура органдарындағы қызметін 2000 жылы Ақтөбе облысында бастаған.
Жамбыл облысының прокуроры – Берік Әбілов Рахатұлы тағайындалды. Ол 1971 жылы бұрынғы Талдықорған облысының Жаркент қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы Талдықорған қаласы прокуратурасының тағылымдамадан өтушісі ретінде бастаған. Үйленген, үш баласы бар.
Жетісу облысының прокуроры – Бауыржан Жұмақанов Альбертұлы тағайындалды. Ол 1979 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Еңбек жолын 2001 жылы Ақтөбе облысының Байғанин ауданында маман болып бастаған.
Шығыс Қазақстан облысының прокуроры – Тимур Сүлейменов Қайырбекұлы тағайындалды. Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірген. Прокуратура органдарындағы қызметін 1997 жылдан бастады.
Бұдан бөлек, Бас көлік прокуроры лауазымына Берік Қуанышбекұлы Жүйріктаев тағайындалды. Ол 1978 жылы туған, «Тұран» университетінің түлегі. Прокуратурадағы қызметін 1999 жылы Алматы қаласы Медеу ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған.
Соңғы жаңалықтар





