Жаңаөзендегі дәрігер өлімі: Нұрдәулет Аманғалиевтің ісі сотта қарала бастады

01.05.2026 14:05 Мөлдір Қайнар
Жаңаөзендегі дәрігер өлімі: Нұрдәулет Аманғалиевтің ісі сотта қарала бастады
548
Фото: lada.kz

Ақтауда мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотта дәрігер-терапевт Нұрдәулет Аманғалиевтің өліміне қатысты іс қарала бастады, деп хабарлайды Politico.kz.

Қайғылы оқиға 28 қаңтар күні Жаңаөзен қаласында болған. Жас дәрігер пышақ жарақаттарынан көз жұмған. Іс бойынша ресми мәліметтер әзірге жарияланған жоқ.

Сонымен қатар, оқиғаның мән-жайы әлеуметтік желілерде қызу талқылануда. Сот отырысына қатысқан блогер Азамат Сәрсенбаев сот залындағы ахуалды ауыр деп сипаттап, өз нұсқасын бөлісті.

Оның айтуынша, оқиғаға қызғаныш себеп болған. Күдікті – бес қыздың әкесі, отбасылы ер адам. Ол жұбайының опасыздығын ауыр қабылдап, бұл жағдайдан шығуға тырысқан: болжамды қарсыласымен кездескен, тіпті зияратқа да барған.

Алайда қылмыс болған күні әйелінің опасыздығы туралы тағы бір ақпарат алған соң, эмоциялық күйзеліске түсіп, қарсыласының жұмыс орнына пышақпен барған. Шабуылдан кейін өзі полицияға берілген.

Айыпталушының әрекетіне түпкілікті құқықтық бағаны сот үкімі шығарады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий