"Жанға батады". Танымал әнші мешітте балаларға аяғын уқалатқан ұстазға қатысты мәлімдеме жасады

Танымал әнші Айдар Тұрғамбек мешітте балаларға аяғын уқалатқан ұстазға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Сарыағаштағы медресенің бас ұстазына ескерту жасағанын айтқан еді. Өнер иесі дін қызметкері өзінің нағашы ағасы екенін атап өтті.
“Қазір адамдардың үлкен қателігі, білмей жатып, тексермей жатып, танымай жатып өсекке араласып кететіні жанға батады. Кешегі қоғамда болып жатқан видеоға менің де кішігірім жауабым болсын. Абдужаппар нағашымды менен артық көп адам білмейтін шығар. Өйткені әрі нағашым, әрі ұстазым, кішкентай кезден қолында өстім. Тек Қазақстанға емес, тіпті Орта Азияға жасаған еңбегі орасан зор. Бүкіл ғұмырын Алла жолына арнаған. Қайтсем де қазақтың балаларын оқытсам, көзін ашсам, Алласы мен пайғамбарын танытсам деп келе жатқанына 30 жылдан асты. Бұл жасаған жақсылығының бір шеті ғана. Мен үшін Қазақстанда бүкіл өмірінен үлгі алатын жалғыз адам осы кісі. Көп нәрсе жазғым келіп отыр”, – деп жазды әнші.
Соңғы жаңалықтар





