Жәнібек Әлімханұлының менеджері: "Қазанаттың жолында жазық та бар, ор да бар…"

03.12.2025 22:30 Берік Арманов
Жәнібек Әлімханұлының менеджері:
0
42
Фото: әлеуметтік желі

Басы дауға қалған бокшсының менеджері Берік Сұлтан Жәнібек Әлімханұлына қолдау керегін айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

"Қазанаттың жолында жазық та бар, ор да бар, Азаматтың жолында бақыт та бар, сор да бар! Бұйыртса, бұл қиындықтан да өтеміз. Бұдан да қиын кезеңнен өткенбіз! Қазір тергеулер мен зерттеулер жүріп жатыр. Бәрі бұйыртса анықталады. Біз таза спортты қолдаймыз! Сынбаймыз! Еңсені түсірмейміз! Жанкүйерлік деген тілеулестік деген көрінетін жер осы сәт. Көк ту желбірегенде бәрі тілеулес бола алады. Қиындықта қолдау ол басқа деңгей! Ішпей-жемей допинг дауына ұшырадық. Бірақ бұл қиындық та босқа берілмеді бізге. Бізді одан да мықты қылып шыңдау үшін деп сенеміз", -  деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Еске салайық, боксшының қан талдамасында мәселе бары жайлы ақпарат кеше кешкілік барлық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий