Жанкүйерлер «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы ойындарына билеттерді әділ сатуды талап етіп жатыр

GosRating.com сайтында әр адамға ЖСН арқылы 2 билеттен артық сатпау жөнінде петиция жарияланды. Оның авторы, жанкүйер Нұрмолда Алдиярдың пікірінше, бұл шынайы фанаттардың мүддесін қорғайды және алыпсатарлардың жолын кеседі.
«Көбіне билеттерді алыпсатарлар жаппай сатып алады. Ал нағыз жанкүйерлер ресми бағамен алу мүмкіндігінен айырылады. Мұндай спекуляциялар клубтың беделіне нұқсан келтіріп, қоғамда наразылық тудырады», — делінген петицияда.
“Қайраттың” Чемпиондар лигасындағы өз алаңындағы матчтары нағыз мерекеге айналуы тиіс.
Біз толық трибунаны, әділ сатылымды және барлық жанкүйерлерге билеттің қолжетімді болғанын қалаймыз», — дейді бастамашылар.
Авторлар онлайн да, офлайн да ЖСН-ді тексеруді, қайта сатып алуға тыйым салуды және жанкүйерлерді ашық ақпараттандыруды ұсынады. Олардың ойынша, мұндай тәсіл тең мүмкіндік беріп, стадионда мерекелік атмосфера қалыптастырады.
Соңғы жаңалықтар





