Жанқош Тұраровтың әйелі желіде туындаған шу отбасына қалай әсер еткенін айтты
Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровтың әйелі Клара Иса желіде туындаған шудан кейін жолдасымен қарым-қатынасы нығая түскенін айтты.
Клара Исаға әлеуметтік желіде оқырманының "Ажырасып кетпей, қалай шыдадыңыз?" деген сұрағына жауап берді.
"Ет пен сүйектен жаралған адам болғасын әсер етпей қоймағаны рас. Ол қыздың ойдан шығарылған қиялы үшін емес, елдің жазған хаттары ауыр тиді. Кім екенін көріп, өмір салтын түсінгесін көңілім орнына түсті. Жала жауып отырған ер-азаматы жалғыз Жанқош емес екен. Ондай еркектер көп екен, ол қыз арыз жазып жүрген. Алла сана берсін дейміз. Әр нәрсенің қайыры бар. Үлкен сабақ болды. Екеуміздің бір-бірімізге деген сыйластығымызды арттырды. Ешкім ажырасудан сақтандырылмаған. Тағдырда бар болса қашып құтыла алмайсың. Өмір онымен тоқтап қалмайды. Адам неден қатты қорықса, соған тап болады. Сол үшін тек жақсы нәрсе ойлауға тырысыңыз", – деп жазды Клара Иса.
Еске салайық, желіде қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген күдікке ілінді деген ақпарат тарады.