"Жаным ашиды": Жәбірленуші Перизат Қайраттың анасына жеңілдік сұрады
Астанадағы атышулы Перизат Қайрат ісі бойынша өтіп жатқан сот отырысында жәбірленуші тарап айыпталушылардың біріне қатысты жеңіл жаза қолдануды ұсынды
Сотта жәбірленуші Садық Олжас Перизат Қайратқа 83 миллион теңге көлемінде қаражатты Газа тұрғындарына көмек ретінде жинап, оны айыпталушының өз қолына тапсырғанын мәлімдеді. Оның сөзінше, ол осы қаражаттың жұмсалу барысын қадағалау үшін Перизат Қайратпен бірге Абу-Дабиге де барған. Алайда, оның айтуынша, ол жерде не ашықтық, не есеп болмаған.
«Біздің азаматтық талабымызды және прокурорлардың ұсыныстарын қолдауды сұраймын. Тек Ғани Алашбаеваға қатысты жеңілдік жасауға болар ма екен деп ойлаймын. Өйткені оған жаным ашиды, қазіргі кезде денсаулығында күрделі мәселелер бар. Мүмкін, оны үйқамақта қалдыруға болар?» — деді Садық Олжас.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
27.10.2026
21:56
Microsoft 60 мың қызметкеріне өз еркімен жұмыст...
27.10.2026
20:40
Жамбыл облысында заңсыз көші-қон ұйымдастырған ...
27.10.2026
19:53
Қызылорда полициясы атышулы жол апатына кінәлі ...
27.10.2026
19:20
«Ерен еңбегі үшін» медалі ел арасында қызу талқ...
27.10.2026
18:49
Айсултан Сейітов пен A$AP Rocky-дің жаңа клипі ...
27.10.2026
18:16
28 қазан, сағат 11:00: Тоқаев халыққа үн қатады