"Жақсы көремін". Балқия рөлімен танылған актриса жаңалықтарымен бөлісті

30.11.2024
09:55
0
1943
"Келінжан" телесериалындағы "Балқия" рөлімен халықтың сүйіктісіне айналған Нұргүл Мыңғатованың өмірі мен шығармашылығында қандай жаңалықтар бар? Актриса кино мен театр әлемінің қос толқынын қалай ұштастырып жүргені жайлы бөлісті, деп хабарлайды politico.kz massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Нұргүл Мыңғатова осы уақытқа дейін ойнаған рөлдерінің арасында халықтың "Балқия" рөлін ең жылы қабылдағанын және өзі де кино саласындағы сүйікті рөлі ретінде осы образды жақсы көретінін айтты.
"Әрине, кинодағы сүйікті рөлім - Балқия. Көрермен үшін де, мен үшін де жалықпайтын образ болып қалыптасты. Сол себепті "Балқия" рөлі мен үшін ыстық. Ал театрдағы рөлдерімді бөліп-жара алмаймын. Әрқайсын бөлек жақсы көремін. Себебі барлығы іштен шыққан балам сияқты. Балалар мен жасөспірімдері театры болған соң, балаларға арналған қойылымдағы "Күшік" рөлін жақсы көремін", - деп жауап берді актриса.Нұргүл Мыңғатова "Келінжан" сериалынан кейін актриса, кинопродюсер Дариға Бадықовамен жақын досқа айналды. Ол "абысынтайының" жаңа жобасына сәттілік тілеп, ақжарма ниетін арнады. Сондай-ақ продюсер Гүлнұр Мамасарипова жайлы ойын бөлісті.
"Гүлнұр Мамасарипова бізді ешқашан ренжіткен емес. Әрдайым қаламақымызды көтеріп отырады. Жақында шығатын "Келінжан - 3" қызық болайын деп тұр. Ол жерде билікке талас оқиғасы таспаланады. Өмірдегі көп тақырып қозғалады. Ал Дариға жайлы айтар болсам, біз бір үйдің баласындай болып кеттік. Өмірде де "абысынтайым" деп айтамын. Өте жақын доспыз. Жақында жаңа кинотуындысын жарыққа шығарды. Тек сәттілік тілеймін! Көрерменнің көңілінен шығып, мықты касса жинасын деп тілек білдіргім келеді", - деді актриса.Актриса театр мен кино сахналарына қалай уақыт тауып жүргені жайлы айтты. Оның сөзінше, актерлердің шабыттануы тікелей көрерменнің арқасы.
"Өзім де таңғалам. Бірақ ниет болса, жұмысыңды жақсы көрсең, бәріне үлгеруге болады. Өнер жолы оңай емес. Кино да, театр да үлкен еңбекті талап етеді. Сондықтан Алла Тағала өзі сондай күш-қуат береді деп ойлаймын. Бұл әуелі көрерменнің арқасы. Олар бізді үнемі қолдап, қошеметтеп отырса, халыққа жаңа образ үшін еңбек етіп, оларды одан сайын қуантуға дайынбыз. Әрдайым риза боламыз және одан сайын шабыттанамыз. Сол үшін халыққа, көрерменге алғыс айтамын", - деп жауап берді.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

16.09.2025
20:58
Алматы облысында төтенше жағдай жариялануы мүмкін

16.09.2025
20:48
Баян Алагөзова шетелде ауруханаға түскен
16.09.2025
19:01
«Қадағалауға деген құмарлығыңызды қадағалаңыз»:...

16.09.2025
18:19
«Қоя салшы»: Гүлзира Айдарбекова ән саламын деп...

16.09.2025
18:07
"Әлгі бір құттықтауға ұқсайды": Ұшақ бортында а...

16.09.2025
17:23
«Саған ешкім ештеңе айта алмайды»: Назым Қызайб...