"Жақыным деп жүрсем...". Ерке Есмахан Ләйлә Сұлтанқызына ренжіп қалды

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде журналист Ләйлә Сұлтанқызына қатысты ренішін білдіріп, оның өзіне қатысты жалған ақпарат таратпауын сұрады.
Бұл жағдай Ләйлә Сұлтанқызының сұхбат барысында пластикалық ота жасайтын хирургтарды шақырып, кейбір танымал өнер иелерінің бет-әлпетіне қатысты пікір білдіргенінен кейін орын алды. Әңгіме арасында Ерке Есмаханның есімі де аталғандықтан, әнші бұл пікірге қатты ашуланып, өз ойын ашық жеткізді. Ол желіде арнайы жазба қалдырып, мұндай негізсіз әңгімелердің өзінің шығармашылығына және жеке өміріне кері әсер тигізетінін атап өтті.
Ләйлә ханым, сіздікі жәй ма? Сұқбаттарыңызда айтып отырған қорқынышты нәрселердің ешбірін мен бетіме жасатпағанымды сіз өте жақсы білесіз. Менімен жақын сыйлас, сырлас әпкем ретінде өтірікке жол бермеудің орнына, өзіңіз талқыға салып отырғаныңыз таңғалдырды.Мен артымнан айтылатын әңгімелерге мән бермеймін негізі. Өйткені, өзімнің қандай екенімді өзім ғана білемін! Бірақ, өмірде жақын деп жүрген жандардың менің атымды хайп пен қаралымға пайдаланғаны ұнамайды. Себебі өзім ондай адам емеспін.Жарайды, аман болыңыз, – деп жазды Ерке Есмахан.
Соңғы жаңалықтар





